Алаңға жедел жәрдем кірді. Жанкүйер қақпашының басынан жалаумен ұрды

©Виедодан кадр

Түркияның бірінші лигасындағы "Гезтепе" пен "Алтай" командалары арасындағы мачт кезінде алаңға ашулы жанкүйер жүгіріп шықты, деп хабарлайды "Чемпионат".

Алдымен "Алтай" жанкүйерлері отшашу арқылы белгі беретін тапаншамен "Газтепе" трибунасына қарай атты - бірнеше адамға медициналық жәрдем қажет болып, алаңға жедел жәрдем көлігі кірді. Осыдан кейін "Газтепе" жанкүйері алаңға жүгіріп шығып, бұрышта тұрған жалаумен "Алтай" қақпашысы Озан Озенктің басынан ұрды. 

Осылайша, матч бірінші тайм ортасында тоқтатылды. 

"Алтай" бірінші лигада 11-орында, ал "Гезтепе" 13-ші тұрғанын айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport