QGPtazFT708kMXmN6dCDMUjpBxXomtEpQboEjSRd
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Алаңға Дугалич шықса... ". Белгілі комментатор "Карабах" – "Қайрат" жеңімпазын анықтады

"Алаңға Дугалич шықса... ". Белгілі комментатор "Карабах" – "Қайрат" жеңімпазын анықтады
©fckairat

Бүгін футболдан Еуропа Лигасы мен Конференция Лигасының ойындары өтеді. Клубтық деңгейде ел намысын қорғап жүрген "Қайрат" Конференция Лигасының Н тобының үшінші турында "Карабахпен" кездеседі. Бакудегі ойын алдында белгілі комментатор Ербол Каиров Vesti.kz тілшісіне қай клубтың жеңіске жететіндігін айтып берді.

"Карабах" қазақстандық ұжымға қарағанда тәжірибелі команда. Себебі бұл клуб 2013 жылдан бері жүйелі түрде еуроркубок турнирлерінің топтық кезеңінде ойнап келеді. Мықты легионерлерден жиналған клуб. "Қайратпен" салыстырғанда Еуропа алаңдарында көптеген клубтармен кездесті. Жақында алматылықтардың тізгінін ұстаған Құрбан Бердыев команданың ойынын өзгерте алмады. Себебі ол үшін уақыт керек. Бапкер тактикасын қою үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу керек. Ал қазір оған уақыт жоқ. Менің ойымша "Қайрат" турнирдің плей-офф раундына шығуға дайын емес. Бұл матчта "Карабах" фаворит. "Карабах" гол соға алады. "Қайраттың" да гол салатын шамасы жетеді. Дегенмен алаңға Дугалич шығып жатса, қорғаныста қателіктер орын алуы мүмкін. Вагнер Лавсыз қиын болады. Егер бразилиялық ойнаған күннің өзінде тек кездесу соңында шығуы мүмкін. Осыған дейін "Карабах" швейцариялық "Базельмен" тамаша ойнады. Сонымен қатар, қонақта "Омонияны" ірі есеппен ұтты. Дәл қазір "Қайрат" халықаралық деңгейде ойнауға дайын емес. Салыстырмалы түрде алғашында "Астана" командасы да еурокубоктерде қарсыластарына есе жіберетін. Уақыт өте келе елордалықтар тәжірибе жинай бастады. Плей-офф кезеңіне шықты дегендей. Ал "Карабах" пен "Қайрат" матчында әзірбайжандық ұжым 2:1 есебімен жеңіске жетеді деп ойлаймын", - дейді комментатор Ербол Каиров.

Айта кетейік, "Қайрат" клубы өз тарихында тұңғыш рет еурокубок турнирінің топтық кезеңіне шықты. Әзірге Н тобында Құрбан Бердыевтың ойыншылары 1 ұпаймен үшінші орынға жайғасқан. Төрт ұпайдан еншілеген "Карабах" пен "Базель" алғашқы орындарда. Екі кездесуде 1 ұпай алған кипрлік "Омония" әзірге турнир кестесінің түбінде тұр. "Қайрат" қазақстандық клубтардың арасында еуро турнирінің топтық кезеңіне шыққан үшінші отандық ұжым болып табылады. Осыған дейін Еуропа Лигасы мен Чемпиондар Лигасының топтық кезеңдерінде "Шахтер" мен "Астана" ойыншылары доп тепкен.

"Карабах" пен "Қайрат" кездесуі елорда уақытымен 22:45 басталады. Ойынды Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.  

Ставки на спорт!

Все самое актуальное о спорте в вашем телефоне - подписывайтесь на наш Instagram!

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар