Атақты уругвайлық шабуылшы Луис Суарес карьерасын аяқтау туралы ойланып жүр, деп хабарлайды Vesti.kz.
The Touchline басылымының мәліметінше, 38 жастағы форвард қазіргі келісімшарты аяқталғаннан кейін футболдан кетуі мүмкін. Айта кетейік, келісім мерзімі 2025 жылдың желтоқсанына дейін есептелген.
Қазіргі таңда Суарес досы Лионель Мессимен бірге АҚШ-тың "Интер Майами" клубында ойнап жүр. Бұған дейін ол "Барселона", "Ливерпуль" және "Атлетико" сынды әйгілі командалардың намысын қорғаған.
Майамидегі ойындары кезінде Суарес бірнеше рет ауырсынуға қарамастан алаңға шығуға мәжбүр болған екен.
Нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Алайда футболшыға жақын дереккөздердің сөзінше, Суарес футболмен қош айтысу туралы жиі айта бастапты.
Жарнама