Қақпашыға бірінші болып оның жаттықтырушысы Антон Басов көмекке келеді: ол Заборовскийдің жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс берген, жедел жәрдем келгенше реанимациялық әрекеттер жасаған.
Жасөспірім спортшы ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне жатқызылған. Заборовскийдің жағдайы тұрақты, кардиограмма қалпында екені хабарланды.
Клубтың бас директоры Игорь Майоровтың айтуынша, ол 16 жастағы спортшының әкесімен байланысқан. Футболшының қалпына келу динамикасы жақсы екенін, алдағы уақытта ойнай алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, жағдайды аймақтың денсаулық сақтау министрі бақылауына алғанын айтты.