Миландық "Интер" мен Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен әлеуметтік желіде жанкүйерлерге сәлемін жолдады.
"Бәріне сәлем! Бүкіл әлемнен келіп жатқан сәлемдер мен хабарламалар үшін рахмет. Мұның мен және отбасым үшін маңызы үлкен.
Болған жағдайды ескерсек, қазір жақсымын. Әлі ауруханада тексеруден өтуім қажет, дегенмен, өзімді жақсы сезінемін.
Енді ары қарайғы матчтарда Дания құрамасындағы жігіттерге жанкүйермін. Бүкіл Дания үшін ойнаңдар", - деп жазыпты ол Instagram желісінде.