Футбол
23 тамыз 2021 12:30

Алаң ортасындағы ылаң. Матч кезінде футболшылар мен жанкүйерлер төбелесті

Сурет: Football.ua

"Альянц Ривьера" стадионында өткен "Ницца" мен "Марсель" арасындағы Франция чемпионатының үшінші тур матчі 75-минутта тоқтатылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алаң иелері 1:0 есебімен ұтып жатқан, осы кезде "Ницца" фанаттары "Марсель" ойыншысы Димитри Пайетаға қолындағы заттарды лақтыра бастайды, футболшы олардың бірін қайтарды. Осыдан кейін алаңға жанкүйерлер жүгіріп шығып, ылаң басталды. Футболшылардың бірі тіпті жанкүйерді ұрып та жіберген екен. 

Шетелдік БАҚ-тың хабарына қарағанда, "Марсельдің" кей футболшылары жанжал кезінде жеңіл жарақат алған. Осыдан кейін клуб матчті аяқтаудан бас тартты. Енді "Марсельге" 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылуы мүмкін. 

https://twitter.com/fdddcg1/status/1429539480919216129?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1429539480919216129%7Ctwgr%5E%7Ctwcon%5Es1_c10&ref_url=https%3A%2F%2Fvesti.kz%2Ffrance%2Fekshen-frantsii-match-prervali-iz-za-massovoy-draki-299983%2F

https://twitter.com/jpaterson97/status/1429540577402576901?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1429540577402576901%7Ctwgr%5E%7Ctwcon%5Es1_c10&ref_url=https%3A%2F%2Fvesti.kz%2Ffrance%2Fekshen-frantsii-match-prervali-iz-za-massovoy-draki-299983%2F

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport