Алаң ортасынан гол салған италиялық футболшы бүкіл команданы таңдандырды

Италияның С сериясында ойнайтын қорғаушы Марко Шиавино қарсыластар қақпасына алаң ортасынан гол соқты, - деп хабарлайды "Евроспорт".

Оқиға С сериясының екінші турында болды, бұл ойында "Паганезе" өз алаңында "Монополиді" ұтты - 2:0. Екі голды да Шиавино салды. 

11-ші минутта футболшы алаң ортасындағы сызықтан тепкен добы қарсыластар қақпасына дәл кіріп, шешуші болды. Ал алаңға қуаныштан бапкер, қосалқы ойыншылар мен команданың басқа өкілдері де жүгіріп шыққан.  

Италияның С сериясы үш топқа бөлінеді - A, B және C. "Паганезе" C тобында және турнир кестесінде сегізінші.


Жаңалықтар