Алаң ортасына жүгіріп шыққан 50 шақты адам "Бавария" жанкүйерлерін соққыға жықты
УЕФА Жастар лигасының "Олимпиакос" пен "Бавария" арасындағы матч грекиялық жанкүйерлер кесірінен 84-ші минутта үзілді, - деп хабарлайды The Sun.
Мюнхендіктер 4:0 есебімен ұтып жатқанда бетперде киген 50 шақты адам "Баварияның" жанкүйерлер секторына алаң арқылы жүгіріп өткен. Файер және таяқпен қаруланған гректер германиялық клуб жанкүйерлерін соққыға жыққан, олардың төртеуі ауыр жарақат алды.
Біраз уақыттан кейін матч қайта жалғасты. Алайда футболшылар қалған уақытта допты тек алаң ортасында ғана айналдырып жүрді. Осыдан кейін "Олимпиакос" өз сайтында жанкүйерлер әрекетін сөгіп: "Мұндай адамдарға біздің отбасымызда орын жоқ", - деп жазған.
Енді "Олимпиакос" жанкүйерлер әрекеті үшін УЕФА тарапынан жазаға ұшырайды. Ал жанжалқұмар жанкүйерлер стадионға көлік тұрағына апаратын қосалқы есіктен кірген.
Bayern Munich fans covered in blood after Olympiacos ultras attack them https://t.co/qT8zkabH5i pic.twitter.com/fDgGNodZ6O
УЕФА Жастар лигасының "Олимпиакос" пен "Бавария" арасындағы матч грекиялық жанкүйерлер кесірінен 84-ші минутта үзілді, - деп хабарлайды The Sun.
Мюнхендіктер 4:0 есебімен ұтып жатқанда бетперде киген 50 шақты адам "Баварияның" жанкүйерлер секторына алаң арқылы жүгіріп өткен. Файер және таяқпен қаруланған гректер германиялық клуб жанкүйерлерін соққыға жыққан, олардың төртеуі ауыр жарақат алды.
Біраз уақыттан кейін матч қайта жалғасты. Алайда футболшылар қалған уақытта допты тек алаң ортасында ғана айналдырып жүрді. Осыдан кейін "Олимпиакос" өз сайтында жанкүйерлер әрекетін сөгіп: "Мұндай адамдарға біздің отбасымызда орын жоқ", - деп жазған.
Енді "Олимпиакос" жанкүйерлер әрекеті үшін УЕФА тарапынан жазаға ұшырайды. Ал жанжалқұмар жанкүйерлер стадионға көлік тұрағына апаратын қосалқы есіктен кірген.Bayern Munich fans covered in blood after Olympiacos ultras attack them https://t.co/qT8zkabH5i pic.twitter.com/fDgGNodZ6O
— The Sun Football (@TheSunFootball) 22 октября 2019 г.
Жарнама