"Әлі сене алар емеспін". Әйгілі Дель Пьеро ауруханада жатыр

Сурет: Football.ua
Туриндік "Ювентустің" бұрынғы шабуылшысы Алессандро Дель Пьеро Лос-Анджелес ауруханасына түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Италиялық экс-футболшы ауруханада коронавирусқа байланысты жатпағанын хабарлап, жанкүйерлерінің көңілін орнына түсірді. Футболшының бүйрегінен тас табылған екен. 

"Үш миллиметр ғана болатын кішкентай заттан осынша нашар күйге түскеніме әлі сене алар емеспін", - деп жазды Дель Пьеро Instagram-парақшасында.



Дель Пьеро "Ювентус" сапында 1993 жылдан 2012 жылға дейін ойнаған. Туриндік клубпен форвард Италия чемпионы (1994/1995, 1996/1997, 1997/1998, 2001/2002, 2002/2003, 2011/2012 маусым), Италия кубогының (1994/1995 маусым) және ел Суперкубогының иегері (1995/1996, 1996/1997, 2001/2002, 2002/2003 маусым), сондай-ақ, Чемпиондар лигасының жеңімпазы (1995/1996 маусым) атанған.
Жаңалықтар