"Әл-Хиләл" Неймарды командадан шығарып тастады

©twitter.com/neymarjr

Саудиялық "Әл-Хиләл" футбол клубы бразилиялық шабуылшы Неймарға қатысты күтпеген шешім шығарды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Неймар 17 қазанда өткен 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Бразилия мен Уругвай арасындағы матчте тізе жарақатын алған еді. Футболшыны алаңнан зембілмен алып кеткен болатын, ал жақында оған операция жасалды.

AS мәліметінше, "Әл-Хиләл" осыған байланысты Неймарды команда құрамынан уақытша шығарып отыр. Бұл Сауд Арабиясы чемпионатының командаларға сапына тек сегіз легионер алуға болатын шектеуге байланысты болды. Енді қысқы  трансферлік кезеңде клуб Неймардың орнына қорғаныс шебіне тағы бір шетелдік ойыншы алмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport