"Әлі де сенсация жасайды". ESPN комментаторы Қазақстан құрамасы жайлы

©ҚФФ

ESPN және Sky телеарналарының шолушысы әрі комментаторы Эндрю Бисли Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында футболдан Қазақстан құрамасының сенсациясын тілге тиек етті. 

"Босниямен тең түсті. Қазақстан екінші рет қосымша уақытта есепті теңестіруде. Команданың әлеуеті мықты. Егер қорғанысы жақсырақ болса, Босния және Украинамен ойында жеңіп те кетер еді. Енді Қазақстан өз алаңында Босния мен Финляндияны қабылдайды. Екі матчта да сенсация болатындай көрінеді. Екінші орынға шығады дей алмаспын, бірақ, бәрінің назарын өздеріне бұрады. Іріктеудегі өзгеше командалардың бірі. Оларға дұрыс зер салған жөн болар?" - дейді Бисли. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар