"Аль-Айнның" бас бапкері Исламхан трансфері туралы өз ойын айтты

© "Аль-Айн" ФК
"Аль-Айнның" бас бапкері Педру Эмануэл Қзақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның ойнына бағасын берді. 

БАӘ чемпионатындағы "Аль-Васлаға" қарсы ойында 71-ші минутта алаңға шыққан Исламхан 92-ші минутта ассист жасаған еді. Бұл ойында "Аль-Айн" 5:0 есебімен ұтты.

Исламхан "Аль-Айн" үшін алғашқы матчінде пас беру дәлдігінде үздіктердің бірі болды

"Ойынды бастауымыз да, аяқтаумыз да тамаша болды. Мұндай нәтиже әрдайым команда сенімділігін арттырады. Қателіктер де болды, доптан айырылдық, ойынды бақылауда үздіксіз ұстай алмадық, дегенмен, жағдайды уақытында түзедік. Екінші таймда алмасулар болды, реттелген бағытта ойнап, бес гол салдық және бірде-бір доп өткізбедік. Біздің жұлдызды футболшылар әр матчте өз әлеуетін ашып көрсетуге тырысады. Клуб басшылығы командада қажетті балансты қалайтынымды біледі. Қыстық трансферлік кезеңде Исламхан сияқты сапалы ойыншыға қол жеткізу қаншалықты қиын болғанын білемін", - деп келтіреді Эмануэлдің сөзін клубтың ресми сайты.