"Аль-Айн" Бауыржан Исламханмен келісімшартты үзгені туралы арабиялық БАҚ-та шыққан ақпарат жағдаймен таныс мәлімет көзімен расталмады,- деп хабарлайды Vesti.kz. Футболшы мен клуб бұл туралы келіссөз өткізбеген екен.
Футболшы допинг қолданғаны дәлелденіп, анық кінәсі болса ғана келісімшарт үзіледі. Әзірге бұл бойынша ешқандай шешім шығарылған жоқ. Сонымен қатар, "Аль-Айн" бапкері Педру Эмануэл ойыншыға қолдау білдіріп, мәселемен клубтың заңгерлік департаменті айналысып жатқанын мәлімдеген.
Қазіргі таңда футболшының екінші допинг тестінің қорытындысы белгісіз және "Аль-Айн" клубының медициналық қызметі қателік жіберуі мүмкіндігі тексерілуде.