Футбол
Бүгін 15:42

"Ақылға сыймайды". Месси Мысырмен матчтан кейін ағыл-тегіл жылады

©x.com/Argentina

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Мысырды 3:2 есебімен ұтқаннан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу барысында Аргентина 0:2 есебімен жеңіліп жатқанымен, матчтың соңында керемет камбэк жасап, 3:2 есебімен жеңіске жетті және турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Бұл кездесуде Месси бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Осылайша, ол әлем чемпионаттары тарихындағы нәтижелі пастар саны бойынша рекорд орнатып, отандасы Диего Марадонаның жетістігінен асып түсті. Сонымен қатар, аргентиналық шабуылшы матчтың үздік ойыншысы атанды.

"Матчтың қалай өрбігенін ескерсек, бәріміз үлкен жеңілдік сезіндік. Бірақ біздің команда ешқашан берілмейді және соңына дейін күреседі. Бүгін Аргентина құрамасының жасағаны – ақылға сыймайтын нәрсе. Келесі кезеңге шыққанымызға қуаныштымыз, бұл өте ауыр ойын болды. Біз тағы да көп қиындық көрдік. Бірақ бұл – әлем чемпионаты. Мұнда әр матч осылай өтеді", – деп береді Мессидің сөзін Аргентина құрамасының баспасөз қызметі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport