"Ақтөбе" командасының жартылай қорғаушысы Тонго Думбия тізесінен ауыр жарақат алып, маусым соңына дейін алаңға шыға алмайды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.
Биылғы маусымда ол Қазақстан чемпионатында 19 кездесуге қатысып, екі нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, Думбия Қазақстан кубогінің барлық кездесулеріне қатысты.
Ал "Ақтөбе" командасы болса Қазақстан біріншілігінде 21 ойыннан кейін 24 ұпай жинап, 11-орында келеді.
Думбия карьерасын франциялық "Шатору" командасында бастаған. Кейін "Ренн" сапына ауысқан. 2012 және 2014 жылдар аралығында ол Чемпионшипта "Вулвэрхэмптон" намысын қорғанан. Сонымен қатар, жартылай қорғаушы франциялық "Вальенсен" мен "Тулуза", хорватиялық "Динамо Загрет", арабиялық "Аджман" клубтарында өнер көрсеткен.
Футболшы Мали құрамасы үшін ол 2012 және 2017 жылдар аралығында 22 кездесу өткізген.