"Ақтөбенің" тәжірибелі қақпашысы командадан кетті. Оның орнын "Қайрат" ойыншысы басуы ықтимал

17 желтоқсан 2021 15:16
©"Ақтөбе" ФК

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 37 жастағы қақпашы Жасұр Нарзиқұлов келесі жылы "Ақтөбе" сапында ойнамайды.

Жаттықтырушылар штабы мен клуб басшылығы бірауыздан команданың тәжірибелі ойыншысынан бас тартып, жаңа қақпашылар алуды көздеп отыр. Нарзиқұлов Премьер-лиганың өткен маусымында 19 матчқа қатысып, 32 гол жіберіп алған. Оған бәсекелес болған ресейлік қақпашы Сергей Ревякин де "Ақтөбеден" кетіп қалды.

"Ақтөбе" келесі маусымда үлкен жетістіктерге жеткісі келеді, сондықтан маусым аралық кезеңде команданың құрамы айтарлықтай жаңартылмақ.

Қазір ақтөбелік клуб Нарзиқұловтың орнын басатын қақпашы іздеуде. Негізгі үміткерлер – сербиялық Саша Стаменкович пен "Қызыл-Жардың" капитаны Мирослав Лобанцев. Сондай-ақ, клуб жас қақпашылардың бірімен келісімшартқа отыру мүмкіндігін қарастыруда, атап айтқанда, команданың бапкерлер штабы Мұхамеджан Сейсен ("Тараз") мен Данил Устименкоға ("Қайрат") қызығушылық танытуда. "Шахтердің" қақпашысы Игорь Трофимец те клубтың назарына ілікті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар