"Ақтөбенің" спорт директоры Асхат Қалжанов қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Қалжанов спорт директоры орнына сәуір айында келді. Бұрын ол ақтөбелік клубта медиа-офицер, жанкүйерлермен жұмыс бойынша маман және футбол орталығының менеджері болған.
2015 жылы ол Ақтөбе футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалған, ал 2020 жылдың қаңтарынан ұйымның вице-президенті болды. 2020 жылы наурызда ұйым президент қызметіне отырды. Соған қоса, биыл қаңтарда Қалжанов Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты атанды.