"Ақтөбе" командасының көшбасшысы Уго Видемон маусымның қалған бөлігіне қатыспай қалуы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
Бейресми ақпарат бойынша, 29 жастағы франциялық футболшы тізесінен жарақат алған. Осыған байланысты ол Қазақстан кубогінде бес ойынға қатыспады. Бұл уақытта ол өз отанында ем-дом жасатып жатыр.
Осы жарақатына байланысты ол ҚПЛ-де маусымның қалған ойындарына қатыса алмай қалуы мүмкін.
Айта кетейік, биыл Видемон "Ақтөбе" сапында 15 ойын өткізіп, 8 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.