"Ақтөбенің" көшбасшы футболшысы биыл ҚПЛ-да ойнай алмайын болды

©"Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана 2022 жылғы маусымда Қазақстан премьер лигасында ойнай алмайтын болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Тұран" командасымен өткен кездесудің 42-минутында Байтана қақпашы Ержан Токотаевқа қарсы ереже бұзып, қызыл қағаз алған еді. 

Бүгін Тәртіпті бақылау комитеті жартылай қорғаушыны екі ойынға шеттеткенін хабарлады. 

Енді Байтана "Ордабасы" мен "Қайратқа" қарсы кездесуге қатыспайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport