"Ақтөбенің" Конференция лигасындағы матчі күтпеген нәтижемен аяқталды

©"Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" мен румыниялық "Сепси" Конференция лигасы іріктеуінің үшінші раунды аясында бірінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сфынту-Георге қаласында өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Есепті сырт алаңда ойнаған ақтөбеліктер ашты. 65-минутта Элдер Сантана гол салды.

"Сепси" ойын бітуге таяғанда есепті теңестіре алды, гол авторы Роланд Варга (89-минут).

Қарымта ойын 17 тамыз Қазақстанда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport