"Ақтөбенің" екінші жаттығу жиындарындағы қарсыластары анықталды

©"Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" футбол клубы Түркияда өткізетін екінші жаттығу жиынын 30 қаңтарда бастайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Команданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Антальядағы жиын 16 ақпанға дейін жалғасады. Владимир Муханов жаттықтыратын команда төрт бақылау матчін өткізеді.

"Ақтөбе" Белек қаласында польшалық - "Заглембе" (Сосновец) және "Корона" (Кельце) клубтарымен ойнайды. Сонымен қоса, ресейлік "Кубань" (Краснодар) мен "Томь" (Томск) командаларымен кездесу өткізеді.

Еске салайық, бірінші жиын қорытындысы бойынша ҚПЛ-2021 маусымында алтыншы болған команда, Рифат Нурмугамет, Ардақ Сәулет және басқа ойыншылармен қош айтысты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport