"Ақтөбенің" бұрынғы қызметкері жанкүйерлерді алдаған

Сурет "Ақтөбе" сайтынан алынды.

"Ақтөбе" футбол клубының бұрынғы қызметкері жанкүйерлерді алдап кеткен. Қазір қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы. Бұл туралы "Ақтөбе" ФК басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев журналистер мен жанкүйерлерге айтты. 

"Мен клубқа келген кезде алаяқтық ісі бойынша материалды полиция департаментіне жібердік. Клуб қызметкерлерінің бірі екі жүзге жуық жанкүйерді алдаған, оларға абонемент сатып, бермей қойған", - деді Ерлан Жамантаев.

Жанкүйерлерді алдаған қызметкер кім екені белгісіз, бірақ ол қазір клубта жұмыс істемейді екен. Жамантаев алданып қалған жанкүйердің бәріне абонемент берілетінін айтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: