"Ақтөбенің" бұрынғы бас бапкері жұмыссыз қалды
Беларусь маманы Алексей Бага "Сумгаит" командасының бас бапкері қызметінен қуылды. Бұл туралы әзірбайжандық команданың ресми сайты хабарлады.
Беларусь маманы Алексей Бага "Сумгаит" командасының бас бапкері қызметінен қуылды. Бұл туралы әзірбайжандық команданың ресми сайты хабарлады.
Бапкермен келісімшарт бір жақты келісім бойынша бұзылған.
"Сумгаит" Әзірбайжан чемпионатының жеті турынан кейін төрт рет жеңіліп, үш мәрте тең ойнап, үш ұпаймен он команданың ішінде сегізінші орында келеді.
Айта кетейік, 41 жастағы Бага Қазақстанда "Ақтөбе" командасын жаттықтырған болатын. Бірақ 2021 жылдың басында отставкаға кетті.
Сонымен қатар, ол өз карьерасында беларуссиялық БАТЭ, "Шахтер" (Солигорск) және литвалық "Жальгирис" командаларын жаттықтырған.
Жарнама