Футбол
25 желтоқсан 2023 17:15
 

"Ақтөбенің" аргентиналық жартылай қорғаушысы үйленді

  Пікірлер

blog.share

"Ақтөбенің" аргентиналық жартылай қорғаушысы үйленді ©kazfootball.kz

"Ақтөбе" футбол клубының аргентиналық жартылай қорғаушысы Леонель Струмия шаңырақ көтерді. Ол Луз Ортис есімді отандасына үйленген. 

blog.share

"Ақтөбе" футбол клубының аргентиналық жартылай қорғаушысы Леонель Струмия шаңырақ көтерді. Ол Луз Ортис есімді отандасына үйленген. 

"Клуб ұжымы мен жанкүйерлер атынан Лео мен оның жары Луз Ортисті заңды некелерімен шын жүректен құттықтаймыз"!, - деп жазды команданың instagram желісіндегі ресми парақшасы. 

31 жастағы футболшы "Ақтөбе" сапына жыл басында ауысып келген еді. 30 ойынға қатысып, бір рет нәтижелі пас берді. Команда футболшымен жуық арада келісімшартын ұзартуы мүмкін. 

Леонель Қазақстанға келгенге дейін Латвияның "Лиепай", РФШ және "Атлетико Алумни" клубтарында ойнаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!