"Ақтөбенің" алдағы маусымға арналған бюджеті айтылды

©"Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" футбол клубының 2022 жылғы маусымдағы бюджеті біршама болады. Дегенмен команда әлі өзінің бірнеше футболшысымен келісімшарт жасауда бітімге келе алмаған, деп жазады инсайдер Айдын Қожахмет

"Демеушілерді тартудың арқасында "Ақтөбе" командасының келесі маусымдағы бюджеті үш миллиард теңгенің шамасында болады. 

Дейтұрғанмен команда әлі бірнеше белді футболшыларымен келісімшарт жасай алмай жатыр. Олардың қатарында Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Темірлан Ерланов және Рамазан Оразов бар", - деп жазады инсайдер. 

Еске салайық, өткен маусымда "Ақтөбе" Қазақстан чемпионатында алтыншы орын алды. Команданың жаңа  маусымға арналған алғашқы оқу-жаттығу жиындары 7 қаңтар күні Түркияның Белек қаласында өтеді. Бұл жиындар 24 қаңтарға дейін жалғасады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: