"Ақтөбені" ұтқан "Тобыл" үш ұпай айырмашылықпен "Астананы" өкшелеп келеді

Сурет: "Тобыл" ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының 14-ші турында "Ақтөбе" қостанайлық "Тобылдан" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қостанайда өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Азат Нұрғалиев (17-ші минут, пенальти) және Дмитрий Мирошниченко (29) гол салды.

"Ақтөбе" сапынан 87-ші минутта Боян Дубайич гол соқты.

Қатарынан үшінші рет жеңіске жетіп отырған "Тобыл" 31 ұпаймен турнир кестесінде екінші келеді. Бірінші тұрған "Астанамен" ұпай айырмашылығы үш балл ғана. 

Жаңалықтар