"Ақтөбеге" оралатынын айтқан легионер қазақстандық басқа клубқа ауысты

© "Тараз" ФК
Сербиялық легионер Александр Симчевич жаңа маусымға "Ордабасы" сапында дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz. Алайда чемпионат аяқталғанда Instagram желіснде ол "Тараз" командасынан "Актөбеге" оралатынын жазған еді. 

32 жастағы Симчевич Қазақстан премьер-лигасында 2013 жылдан ойнап келеді. Бірінш ол қарағандылық "Шахтерде" ойнады. Кейін "Ордабасы", "Ақтөбе" және "Таразда". Қарағандылық клубпен бірге 2013 жылы Қазақстан Кубогы мен Суперкуогын иеленген, ал шымкенттік командамен 2017 жылғы маусымда қола жүлдегер болды.

Сонымен қоса, отанында футболшы ОФК, "Мачва", "Динамо" (Вране), "Хайдук" (Кула), "Ягодина", босниялық "Олимпик", ресейлік "Мордовия" командаларында ойнады.

Transfermarkt мәліметінше, футболшының трансферлік құны 400 мың еуро.
Жаңалықтар