Футбол
Кеше 23:38

"Ақтөбеде" Наниге қатысты маңызды шешім қабылдады

©"Ақтөбе" ФК

Португалиялық тәжірибелі футболшы Нани Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында "Елімайға" қарсы матчта "Ақтөбенің" сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.

AmanVibe дерегіне сәйкес, бапкерлер штабы 39 жастағы вингерге матчты алғашқы минуттардан бастауға сенім білдіруге дайын. Бұған дейін "Манчестер Юнайтед" пен "Спортинг" клубтарында өнер көрсеткен жұлдызды ойыншы тек қосалқы құрамнан алаңға шығып жүрген болатын.

"Тобылға" қарсы кездесуде Нани шамамен 20 минут ойнаса, "Қайратпен" өткен матчта 21 минут алаңда болды. Енді ол негізгі құрамдағы толыққанды дебютіне жақын. Бұл қадам оның Қазақстан чемпионатына бейімделуінде маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport