"Ақтөбе" 31 жастағы украиналық шабуылшы Дмитрий Коркишкомен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Коркишко - "Динамо Киевтің" тәрбиеленушісі. Ол "Минск", "Полтава", "Днепр-1", "Гиресунспор" және "Хатайспор" сияқты клубтарда ойнады.
Ойыншы кейінгі "Черноморец" клубында 10 кездесу өткізіп, 3 гол соқты.
Сондай-ақ, "Ақтөбе" 28 жастағы ганалық жартылай қорғаушы Йоахим Адукор мен 30 жастағы украиналық шабуылшы Виталий Балашовпен келісімшартқа отырды.
Екі ойыншы да ҚКФЛ ресми сайтындағы "Ақтөбенің" құрамына енді. Балашов 91-ші нөмірмен, Адукор 50-ші нөмірмен өнер көрсететін болды.
Виталий Балашов бұл маусымды "Шахтер" сапында бастады. "Кеншілер" құрамында бас-аяғы 15 кездесу өткізіп, 2 гол соқты.
Адукор футболдағы мансабын Швецияда бастады. Оның алғашқы клубы жергілікті "Гефле" командасы болды. Кейінірек ойыншы португалиялық "Трофенсе" клубына ауысты. Одан бөлек, жартылай қорғаушы "Безиерс", "ОФИ Крит" және "Дьошдьор", "Сараево" командаларында доп тепті.