Киевтік "Динамоның" жартылай қорғаушысы Мохаммед Кадири карьерасын "Ақтөбеде" жалғастырады, деп хабарлайды FTR.
Кадири қазақстандық клубқа жалға алу құқымен өтеді. Ақтөбеліктер ганалық футболшыны кейін толық сатып ала алады.
25 жастағы жартылай қорғаушы осы уақытқа дейін жалға алу құқымен "Черноморецте" ойнады. "Динамо" президенті Игорь Суркистің сөзінше, Кадири - жалға алу уақыты аяқталғаннан кейін бапкерлер командаға орналастыра алмаған ойыншылардың бірі.
Ганалық футболшы укараиналық клубтардан бөлек "Аустрия" мен ресейлік "Арсенал" (Тула) командаларында ойнаған.