"Ақтөбе" турнир кестесінде көш бастады

©Ақтөбе ФК

"Ақтөбе" Қазақстан чемпионатының кейінге қалдырылған 12-турында "Тұранды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Түркістан Аренадағы" ойын 0:2 есебімен батысқазақстандықтардың пайдасына аяқталды. 34-минутта француз легионері Уго Видемон есеп ашса, 76-минутта Темірлан Ерланов командасының екінші голын салды. Алайда пас берген Юрий Логвиненко офсайдта қалды.

Дегенмен араға екі минут салып қонақтар есепті еселеді. Гол авторы Сердер Сердеров.

Осылайша, "Ақтөбе" 29 ұпаймен турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. 27 ұпайы бар "Астана" екінші сатыға сырғыса, "Ордабасы" 26 ұпаймен үшінші орынға түсіп қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар