"Ақтөбе" футбол клубы Түкриядағы оқу -жаттығу жиыны кезінде бақылаудан өтіп жүрген бірнеше футболшыға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың қатарында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Дмитрий Бачек, Армения құрамасының ойыншысы Соломон Удо, ресейлік қорғаушы Антон Бочаров және ивуарлық шабуылшы Жерар Гоу бар.
Удо, Бочаров пен Бачек украиналық "Полесья" мен "Заря" командаларына қарсы ойында алаңға шықты, ал Гоудың физикалық күйі бапкрелер штабының көңілінен шықпады. "Ақтөбе" бұл ойыншылардың ешқайсына келісімшарт ұсынбайтын болды.