"Ақтөбе" екі бірдей жартылай қорғаушы Нитика Лактионов пен Дмитрий Коркишкомен қош айтысты, деп жазады Meta-ratings.kz порталы.
Екі футболшы да "Ақтөбе" сапына өткен жылы келген еді. Маусым қорытындысы бойынша ресейлік футболшы Лактинов бір ғана кездесу өткізге, украиналық Коркишко алты кездесуге қатысып, бір гол соқты.
Еске салайық, бұған дейін командадан Жасур Нарзикулов, Сергей Ревякин, Дидар Жалмұқан, Юрий Перцух, Тонго Думбия және Эрвейн Мукам кеткен болатын.
Айта кетейік, өткен маусымда "Ақтөбе" командасы Қазақстан чемпионатында алтыншы орын алған болатын.