"Ақтөбе" шабуылшысы ұлттық құрамасына шақырту алды

©"Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" командасының шабуылшысы Жерар Гоу Руанда құрамасына шақырту алды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Гоу Африка кубогі ойындары алдында болатын жолдастық кездесуге қатысу үшін құрамасына шақырту алған. 

Тарқатып айтсақ, Руанда 17 және 19 қараша күнле Суданға қарсы кездесу өткізеді. 

Ойын Руанда астанасы Кигалиде өтеді. 

Биыл ҚПЛ-де "Ақтөбе" сапында Гоу 21 кездесуге 8 гол соғып, үш нәтижелі бас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport