"Ақтөбе" Самат Смақовтың қызметінен кететінін хабарлады

20 желтоқсан 2019 17:39
© "Ақтөбе" ФК
"Ақтөбе" футбол клубы Самат Смақовтың бас директор қызметінен кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басқарма төрағасы Артур Смағұлов, ал оның орынбасары және бас менеджер ретінде бұрын "Атырауда" қызмет еткен сербиялық Горан Велькович тағайындалды.

Смақовпен сенімділік негіздегі келісімшарт тоқтатылды. Осылайша, клуб қайтадан мемлекет қарауына өтті. 

"Ақтөбені" сенімділік негізде басқару Смақовқа 2018 жылы жеті жылға берілген. Келісім бойынша, ол клубтың балалардан ересектерге дейін Қазақстан чемпионаттарына қатысуын, кредиттік қарыздарды қайтаруды және балалар мен жасөспірімдер футболының дамуын қамтасмассыз ету керек болатын.