"Ақтөбе" ресми түрде жаңа бас бапкерді тағайындады
©Sport24
Ресейлік маман Дмитрий Парфенов "Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ақтөбелік команданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ресейлік маман Дмитрий Парфенов "Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ақтөбелік команданың баспасөз қызметі хабарлады.
Келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін жасалды.
Бұған дейін 49 жастағы маман ивановолық "Текстильщик", "Урал", "Арсенал" және "Родина" командаларын жаттықтырған. Ал "Тосно" клубымен 2017/18 маусымында Ресей кубогін жеңіп алғанын айта кетейік.
Футболшы кезінде Парфенов "Спартакпен" төрт рет Ресей чемпионы болды. Ал Украина құрамасы үшін 18 матчте ойнады.
Жарнама