"Ақтөбе" ресми түрде грузиялық легионердің командадан кеткенін хабарлады

©"Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" ресми түрде грузиялық қорғаушы Заза Цицикишвилидің кеткенін хабарлады. 

Келісімшарт екі жақты бұзылған. Жартылай қорғаушы шілде айында командаға қосылып, Қазақстан кубогінде бес ойынға қатысқан. Бірақ бұл кездесулерде ол гол соға алмады. 

Еске салайық, бұған дейін Цицкишвилидің өзі Instagram парақшасында командадан кеткені туралы жазған болатын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар