"Ақтөбе" ресейлік жартылай қорғаушы Никита Маляровтың командадан кеткенін хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі тарап өзара бітім бойынша келісімшартты бұзған.
“Қолдау танытқан жанкүйерлерге алғыс білдіргім келеді. “Ақтөбеде” өнер көрсету мен үшін бір ғанибет болды. Тұтас қала футболмен өмір сүреді және тіпті көшеде келе жатқанда адамдар үнемі жылы лебіздерін білдіріп жататын. Оған қоса командадағы серіктестеріме рақмет айтқым келеді. Осы маусымда чемпион болуларын тілеймін. Өз тарапымнан жеңіс үшін алаңда барлық күшімді салдым. "Ақтөбенің" чемпионы болуын тілеймін", - деді футболшы.
Айта кетейік, 32 жастағы футболшы "Ақтөбе" сапына биыл жыл басында келіп қосылған. Ол ҚПЛ-де 11 кездесу өткізіп, бір гол соқты.