"Ақтөбе" Ресей премьер-лигасынан қақпашы тапты

Иван Коновалов. Сурет: championat.com

Қазандық "Рубин" қақпашысы Иван Коновалов карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Meta-ratings.kz мәліметінше, 26 жастағы голкиперге "Ақтөбе" көз тігіп отыр. Тараптар келіссөз жүргізіп жатыр. 

Бұл екі тарапқа да ұтымды болатын сияқты: қазандық клуб Юрий Дюпин мен Никита Медведевтің көлеңкесінде бос отырған ойыншыдан құтылады, ал ақтөбеліктер жасы ұлғайған Жасур Нарзиқұловқа бәсекелес болатын футболшыны сапына қосады.

Алайда Коноваловқа көз тігіп отырған жалғыз "Ақтөбе" емес. Өткен аптада қақпашы "Уралдың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына барған. Дегенмен келісімге келмеді. 

"Рубиннен" бөлек Коновалов "Амкар", "Севастополь", "Астрахань", сербиялық "Раднички", "Бачки" мен белоруссиялық "Торпедо"- БелАЗ сапында ойнаған. Кейінгі рет ол ресми матчте тек 2019 жылы қыркүйекте ойнады.