"Ақтөбе" өз алаңында "Астананы" тас-талқан етті

Ақтөбе ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының 15-турында "Ақтөбе" өз алаңында "Астананы" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турдың орталық матчында Андрей Карпович баптайтын батыс қазақстандық клуб 4:1 есебімен басым түсті. "Ақтөбе" сапында Видемон (18), Шина-Дос Сантос (33), Әлібек Қасым (72, пенальти) және Максим Самородов (90+1) гол соқса, қонақтардан ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Асылан Дарабаев (42) көзге түсті.

"Қобыланды Батыр" атындағы орталық стадионда ине шаншар орын болмағанын айта кеткен жөн. Сырт алаңда есе жібергеніне қарамастан Срджан Благоевич ойыншылары 24 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұрса, 23 ұпай еншілеген "Ақтөбе" үшінші орынға көтерілді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport