Футболдан Қазақстан чемпионатының 7-турында "Ақтөбе" өз алаңында "Ертісті" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Матчта алаң иелеріне жеңіс сыйлаған голды 63-минутта Артур Шушеначев соқты. Оған нәтижелі пасты Дмитрий Топалов берді.
"Ақтөбе" командасының жұлдызды легионері Нани болса алаңға 75-минутта шықты.
Осы жеңістен кейін команда 10 ұпаймен 7-орынға көтерілді. Келесі ойынын 30 сәуір күні "Елімайға" қарсы өткізеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жарнама