"Ақтөбе" он футболшымен келісімшарт жасады

© "Ақтөбе" ФК
"Ақтөбе" ФК қазақстандық он футболшымен 2020 жылдың соңына дейін келісімшарт ұзартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, ақтөбелік клуб сапында Мұхамбет Тамабай, Рустам Темірхан, Антон Шурыгин, Ардақ Сәулет, Нұрбол Жұмашев, Әділхан Таңжарықов, Есен Жасанов, Әлішер Әжімов, Рустам Сахибов және Абылайхан Оңғарбаев өнер көрсетуін жалғастырады.

Олардың көбі өткен маусымда жиі ойнады. Мәселен, Темірхан, Шурыгин, Сәулет, Таңжарықов, Жасанов, Әжімов пен Сахибов жалпылай алғанда чемпионатта 181 матч өткізген. 

Сонымен атар, жыл соңына дейін Рамиль Нұрмұхаметов, Жасур Нарзықулов, Виталий Волков пен Александр Симчевич те қалады.

Клуб жаңа бапкерді алдағы күндері таныстырады, ал жаңа ойыншыларды команда жиындары кезінде жинақтай береді. 

Айта кетейік, 2019 жылғы маусымды "Ақтөбе" соңғы, 12-ші болып аяқтап, бірінші лигаға түсіп қалды.