"Ақтөбе" мен "Тобылда ойнаған футболшы жаңа клуб таңдады

©"Тобыл" ФК

Литвалық жартылай қорғаушы Артурас Жулпа "Тұран" сапына ауысады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

31 жастағы хавбек түркістандық команданың Түркияда оқу-жаттығу жиындарына барған.

Жулпа "Тұранның" қазіргі бапкері Владимир Газзаевпен жақсы таныс. Бұл маманның жетекшілігімен литвалық ойыншы "Ақтөбе" мен "Тобылда" өнер көрсетті, жақын арада футболшы клубпен келісімшарт жасайды. 

Литовалық легионер 2015 жылдан бері ҚПЛ-де ойнап келеді. "Ақтөбе" мен "Тобылдан" бөлек ол "Жетісу" жейдесінде де ойнаған. Қазақстан чемпионатында ол 163 матчке қатысып, жеті гол соқққан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар