"Ақтөбе" мен "Тобыл" жанкүйерлері жаппай төбелесті

©Видеодан кадр

"Тобыл" мен "Ақтөбе" клубтарының жанкүйерлері жаппай төбелесті. Бұл туралы Экспресс К хабарлап отыр.

Видеодан түтін жайылып кеткенін де көруге болады - жанкүйерлер бір-біріне қарсы түтін шашкаларын да қолданса керек. 

Қостанайлық жанкүйерлердің әлеуметтік желідегі жазбасына сенсек, ақтөбеліктер өздерін дөрекі ұстаған, осыдан барып жанжал туған. 

Айта кетейік, футболдан Қазақстан чемпионатының 23-тур матчі Қостанайда өтіп, ақтөбеліктер алаң қожайындарынан ұтылды.

23 қазандағы келесі турда "Тобыл" сырт алаңда "Мақтааралмен", ал келесі күні "Ақтөбе" өз алаңында "Тұранмен" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport