"Ақтөбе" мәскеулік "Динамоның" екінші командасынан ұтылды

Сурет: "Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" жолдастық матчте мәскеулік "Динамоның" екінші командасынан ұтылып қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Командалар арсындағы кездесу Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары кезінде өтіп, 1:2 есебімен аяқталды. Қазақстандық команда сапында жалғыз голды Тауылбек Орналин салды. 

 "Ақтөбе": Евгений Ситдиков (В) – Максим Самородов, Ардақ Сәулет, Виталий Волков, Лаша Тотатдзе, Армен Манучарян – Юрий Перцух, Эврейн Мукам,  Евгений Козлов, Секу Конде, Тонго Думбия.