"Ақтөбе" құрамына бразилиялық шабуылшының қосылғанын хабарлады

©"Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" футбол командасы бразилиялық шабуылшы Рожерио Шинаның құрамына қосылғанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

25 жастағы шабуылшы "Ақтөбе" сапында бір жыл жалда ойнайды. Кейін қазақстандық команда оны украиналық "Львов" командасынан сатып алуға құқылы. 

Шина өз карьерасын Сан-Паулу қаласындағы "Жувентус" және "Ваи-Ваи" командалары сапанда бастаған. 

2017 жылдан бері ол украиналық "Карпат" және "Львов" командаларында 50 шақты кездесу өткізіп, 8 гол соққан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: