"Ақтөбе" күміс жүлдегер, көшбасшылықты "Астана" сақтап қалды

©"Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" футболдан Қазақстан премьер лигасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

ҚПЛ-дің 26-тур матчінде ақтөбеліктер өз алаңында "Қайратты" ойсырата ұтты - 4:1.

33-минутта алматылықтардан Жоао Пауло есеп ашқанымен. Ақтөбеліктерден 38-минутта Әлібек Қасым гол салды, Рожерио Алвеш Шина - Дос Сантос дубль жасады. 69-минутта Арман Кеңесов шешуші допты соқты.

"Ақтөбе" соңғы турға дейін "Астанамен" көшбасышлыққа таласып келді, алайда, "Қайратты" жеңу жеткіліксіз боды. Өйткені қатар өткен матчте астаналықтар да ұтып, бірінші орында тұрақтап қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport