"Ақтөбе" футбол клубының басқарма төрағасы Арман Оспанов қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Vesti.kz.
– "Ақтөбе" облыстық футбол клубы АҚ басқарма төрағасы Арман Оспановтың өкілеттігі тоқтағаны туралы хабарлайды. Шешім команданың соңғы матчтарының нәтижелерін талдау қорытындысы бойынша қабылданды, деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, жаңа маусым басталар алдында "Ақтөбе" қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Артықбаев меншігіне өткен еді. Ал басқарма төрағасы болып Арман Оспанов тағайындалған. Бұған дейін ол алматылық "Қайрат" командасының жанкүйерлер клубында болған және әлеуметтік желілерде "Ақтөбе" туралы сын пікірлер айтқан маман болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оспановтың алғашқы баспасөз мәслихатында клуб жанкүйерлері наразылық білдіріп, залға кіріп кеткені де белгілі.
Қазіргі таңда ҚПЛ-дің 6 турында "Ақтөбе" 7 ұпай жинап, турнирлік кестеде 10-орында тұр.
Жарнама