"Ақтөбе" футбол клубы Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы клуб басқармасының төрағасы Ерлан Жамантаев мәлімдеді.
"Құрметті қала тұрғындары! Қостанай облысы екі күн қатар өртпен күресіп жатыр. Осыған байланысты "Ақтөбе" - "Қызыл-Жар" матчіне сатылған билеттердің қаржысы Қостанай облысында табиғат апатынан зардап шеккендер қорына аударылады. Сондай-ақ, клуб демеушісі мен "13-сектор" жанкүйерлер тобы да қаражат бөлуге ниетті. Осындай қиын сәтте отандастарымызға көмек қолын созайық! Біз бір отбасымыз!" - дейді Жамантаев.
Еске салайық, 2 қыркүйекте аймақта өрт басталып, Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнді.