Футбол
Бүгін 15:33

"Ақтөбе" клубы жаңа маусымға бапкерді таңдады

©"Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" футбол клубы ресейлік маман Игорь Черевченкомен келісімшартты ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

52 жастағы Черевченко 2027 жылғы маусымда да команданың бас бапкері қызметін атқарады. Жаңа келісімшарт келесі жылдың соңына дейін жасалған.

Алдағы маусымда "Ақтөбе" бапкерлер штабы қазіргі құрамның басым бөлігін сақтап қалып, кейбір позицияларды жаңа футболшылармен күшейтуді жоспарлап отыр.

Черевченко жетекшілік ететін команда жаңа маусымға дайындықты желтоқсан айында бастауды көздейді.

Ресейлік маман "Ақтөбені" 2026 жылдың тамызында жаттықтыра бастады. 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша клуб Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде 30 матчтан кейін 49 ұпай жинап, бесінші орын алды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport